Жаңалықтар

Өңір спорты өркендеп келеді

Бұқаралық спортты және қажетті инфрақұрылымды дамыту үшін облыста жүйе­лі жұмыстар жүргізілуде. Оны төрт индикатор бойынша бағалауға болады. Жалпы халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 66,6%-ға жетті (2025 жылға арналған жоспар – 67,2%, республикалық көрсеткіш – 54%). Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі облыста 39%-ға жетті.

Сурет басқармадан

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға қабілеті бар мүмкіндігі шектеулі жандар санынан дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын ерекше қажеттілігі бар тұрғындардың үлесі 18%-ға көтерілді (2025 жылға арналған жоспар – 19%, республикалық көрсеткіш – 18%).

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын балалар мен жасөспірімдердің үлесі (3-18 жас) 29%-ды құрайды (2025 жылға арналған жоспар – 30%, республикалық көрсеткіш – 30%).

Мәселен, 2024 жылы қалалар мен аудандарда 3 648 спорттық-бұқаралық іс-шара өтті. Оған 219 573 адам қатысты (ауылдық жерлерде – 114 872 тұрғынды қамтитын 1 478 жарыс).

Облыста 442 мыңнан астам адам қамтылған 1259 спорт ұйымы жұмыс істейді. 39 спорт мектебі бар. Мектептерде 27 762 бала спортпен тегін айналысады. Жалпы білім беретін мектептерде – 4 197 (68 050 бала), колледждерде – 205 (14 595 адам), жоғары оқу орындарында – 14 237 спорт секциясы бар.

Халықты спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту үшін облыста 352 нұсқаушы жұмыс істейді.

«Арт спорт» мемлекеттік спорттық тапсырысын іске асыру шеңберінде, облыста 8 982 бала мен жасөспірім 205 секцияда спорттың 25 түрі бойынша тегін жаттығады (оның ішінде ауылдық аудандарда 1 126 адам).
Жыл сайын Қарағанды өңірінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылып, спорт алаңдары мен әмбебап корттар орнатылады.

2024 жылы төрт ДШСК пайдалануға берілді. Абай ауданының Топар кентінде, Бұқар жырау ауданының Қарақұдық ауылында, Ақтоғай ауданының Сарышаған кентінде және Бұқар жырау ауданы Мұстафин кентінде орналасқан.

Биыл ашылуы жоспарланған тағы төрт ірі спорт нысаны салынуда. Приозерск қаласында 210, Ақтас кентінде 150, Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентінде 100 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылмақ.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында, ағымдағы жылы Бұқар жырау ауданының Қушоқы кентінде және Қарқаралы ауданының Көктас кентінде тағы екі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда.

Былтыр өңірде 42 алаң, 6 корт орнатылды. Жалпы сомасы 697,8 млн. теңгеге 12 спорт мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қарағанды облысында мүгедектер спортына көп көңіл бөлінеді. Ұлттық құрамада 105 ерекше спортшымыз бар. Мектептерде мүгедектік спорты бойынша тірек-қимыл аппараты зақымданған, есту және көру қабілеті нашар 430 адам (оның ішінде 193 бала) айналысады.

2024 жылы 237 спортшы республикалық 30 жарысқа қатысты. Спортшылар 209 медаль (140 алтын, 38 күміс, 31 қола) жеңіп алды. Халықаралық біріншіліктерге 38 спортшы қатысып, 46 медаль салды қоржынға.
2024 жылдың ең маңызды жетістігі – біздің спортшылардың Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарындағы жеңістері. Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алды. Даяна Федосова парадзюдодан қолаға қол жеткізді.

2022 жылдан бастап облыста Даун синдромы бар және психикалық дамуы тежелген балаларды жүзуге үйрету бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Бес қалада (Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай қалалары) 200 ерекше бала жүзумен айналысады. Сондай-ақ, 2024 жылы жеңіл атлетикадан Қарағанды мен Теміртауда 40 адам қамтылған жаңа жоба іске асырылды.

Ұлттық спорт түрлерінің танымалдығы жастар арасында артып келеді. Облыста 11 түрі (тоғызқұмалақ, саятшылық, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату) дамытылады. 35 975 адам ұлттық спорт түрлерімен шұғылданады. Қазақстан Ұлттық құрамасында 36 спортшымыз бар. 2024 жылы 4 285 адам қамтылған 42 облыстық жарыс өткізілді. 2021 жылдан бастап Ұлттық спорт түрлері бойынша қауымдастық жұмыс істейді. 2023 жылдың басынан бастап облыста «Көкпар» спорт клубы, «Тұран-Ел» ұлттық спорт түрлері орталығы (Үштөбе ауылы, Бұқар жырау ауданы) жұмыс істейді.

Аңсаған Қожанәсіп (тоғызқұмалақ, овари) және Ажар Салықова (кураш) көшпенділердің Бүкіләлемдік ойындарында медаль жеңіп алды. Төлепберген Қайырғали мен Еламан Хуанбай қазақ күресінен Әлем Кубогының жүлдегерлері атанды. Асылхан Қожанәсіп пен Аңсаған Қожанәсіп және Жақсылық Рахымжан тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатында медаль алды.

2024 жылы Қарағанды өңірінің 35 967 спортшысы түрлі дәрежедегі 966 жарысқа қатысып, 16 725 медаль жеңіп алды. Біз жерлес­теріміздің жеңістерімен мақтанамыз! Наргиза Болатованың синхронды жүзуден және Артем Антроповтың ауыр атлетикадан әлем чемпионаттарында жеңіп алған тарихи алтын марапаттарын ерекше атап өткім келеді. Алда маңызды жаңа бастамалар тұр. Біз спортшыларымыздан жеңіс күтеміз. Сондықтан, 2025 жыл Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы үшін «Сарыарқаны спорттық өңір етеміз!» жаңа ұранымен өтеді.

Серік Сәпиев,
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button