Бас тақырыпЖаңалықтар

Өңір әкімдері жаңа өкілеттікке ие болады

Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттік беріледі. Бұл туралы бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталына жарияланды,– деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: el.kz

Жаңа ереже бойынша Үкімет жанындағы кеңестердің біріне Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерін кіргізу жоспарланған.

Жаңа бастаманы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған. Құжатта әкімдерді Үкіметтің технологиялық саясат жөніндегі кеңесінің құрамына енгізу ұсынылды. Ол кеңестің құрамына президенттің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі де кіреді. Әзірге құрамда премьер-министр, барлық министрлер, сондай-ақ агенттіктер мен ұлттық компаниялардың басшылары бар.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, бұл атқарушы билік пен инновациялық сала өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері арасындағы жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.

Айта кетсек, Үкімет жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес 2022 жылдан бері консультативтік-кеңесші орган қызметін атқарады және мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында құрылған.

Заң жобасы 3 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button