Жаңалықтар

Өңір экономикасында өсім бар

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсу қарқыны 13,7%-ды құрады. Өңір экономикасының негізгі драйвері – өңдеу өнеркәсібі десек, бұл сала 112%-ға дейін өскен.

Сурет басқармадан

Ең көп өсім фармацевтикада саласына тиесілі. Яғни, 45,3%-ға өскен. Одан кейінгі сатыда резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі 37,9%-ға көтерілді. Машина жасау – 24,5%-ға қара металлургия – 14,9%-ға, түсті металлургия 6,4%-ға, құрылыс индустриясы 3,9%-ға және химия өнеркәсібі 1,6%-ға өсім тіркелген.

Тау-кен өндіру саласы да тұрақты өсім көрсетіп отыр. Темір кенін өндіру – 28,7%, темір кені концентраты – 11,6%, құрамында алтын бар концентраттар – 2,1 есе өскен. Мыс концентраты – 2,8%-ға, көмір концентраты – 14,4%-ға ұлғайды.

Шағын және орта бизнесте өңірде сенімді дамып келеді. Жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіп субъектілерінің саны 101 596 бірлікке артқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 406 бірлікке өскен. Бұл ішкі сауда көлемінің едәуір өсуіне ықпал етті. 2024 жылы көрсеткіш 19,1% -ға өсіп, 4 718,2 млрд теңгеге жетті. Ал, 2023 жылы 3 805,2 млрд теңге еді.

Ауыл шаруашылығы да серпінді өсім көрсетті. Жалпы өнім шығару 16%-ға ұлғайып, 491,8 млрд теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығында 27,3%, мал шаруашылығында 1,7%-ға артқан.

Құрылыс саласында өсім 23,7%-ға жетті. Бір жылда 540 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың жоғары қарқынын көрсетеді.

Облыстың негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі рекордтық 1 трлн 432,4 млрд теңгені құрады. 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,6 есе артқан. Өсімнің негізгі драйвері инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар болды.

Көлік қызметтерінің көлемі де 11,1%-ға артты. Ал, бұл логистикалық саланың белсенді дамуын растайды. Жергілікті бюджетке кіріс жоспарланған көрсеткіштен 4,4% -ға артып, 379,7 млрд теңгені құрады.

Еңбек нарығында тұрақтылық сақталуда. Жұмыссыздық деңгейі 4,1% белгісінде қалды. Бұл – ел бойынша ең төменгі көрсеткіштің бірі.

2025 жылға қарай өңір экономика өсімін кемінде 6,5% деңгейінде жоспарлап отыр. Негізгі драйверлер өнеркәсіп – 6,9%-ға, ауыл шаруашылығы – 3,5%-ға, құрылыс – 6,5%-ға, көлік қызметтері – 3,1%-ға және сауда 7,2%-ға өседі деп болжануда.

Өңірде сомасы 194 млрд теңге болатын 17 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар. Сәйкесінше, 2,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. 2025 жылы облыс экономикасына инвестициялардың жалпы көлемі 1,5 трлн. теңге деңгейінде болжануда.

2024 жылы Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру шеңберінде Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы әзірленіп, бекітілді. Құжат облыс әкімдігінің қаулысымен мақұлданды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының міндеттерін орындауға бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту жоспары түзетілді. Қазіргі уақытта Үкімет Қарағанды агломерациясын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын қарастыруда. Бұл стратегиялық құжат өңірдің тұрақты және теңгерімді әлеуметтік-экономикалық даму бағытын айқындайды.

Облыс саясатының негізгі басымдықтары – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, технологиялық жаңғыртуды енгізу, кәсіпкерлікті ынталандыру, адами капиталдың сапасын арттыру және мемлекеттік басқаруды жетілдіру.

Облыстың жалпы өңірлік өнімінің нақты көлем индексінің орташа жылдық өсу қарқыны 2025 жылы 3,7% деңгейінде болжануда.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 457 мың шаршы метр (2024-540,3 мың шаршы метр). Қалаларда халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізуі 100% -ды құрайды.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесі 94% -дан (2024 жыл) 95%-ға (2025 жыл) дейін өседі.

Моно және шағын қалаларды дамыту аясында 2024 жылы Қарағанды облысында 6,2 млрд теңгенің бес инфрақұрылымдық жобасы іске асырылды.

Балқашта екі шақырымнан астам жылу желілерін қайта жаңартудың бірінші кезегі аяқталды. Қалалық жағажай аймағының жағалауын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бірінші кезек 2025 жылы, екінші кезек 2026 жылы аяқталады.

Қарқаралы қаласында Әубәкіров көшесіндегі жолдың бір шақырымы қайта жөнделді. Жобаны аяқтауға 403 млн теңге қарастырылған.

Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанның моноқалалары Саран қаласының экономикасын әртараптандырудың табысты тәжірибесін белсенді енгізуде. Мәселен, Теміртауда полимер бекітпелерінің ампулаларын («ОКС Қазақстан» ЖШС) және коксты («Казметкокс» ЖШС) өндіру бойынша жобалар іске қосылды. Шахтинскте ПВХ пленка өндірісі басталды. Ал, Абайда Абай тігін фабрикасының өнеркәсіптік кешені қалпына келтірілуде. Мұнда сондай-ақ тау-кен-шахта жабдықтарын жөндеуге мамандандырылған «Деметра 2005» ЖШС өндірісі кеңейтілуде.

Балқашта туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жағалау жаңғыртылады, жаңа туристік нысандар құрылады. Сонымен қатар, көлік логистикасы жақсарады.

Ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» ауқымды жобасын іске асыру жалғасуда. Өткен жылы 54 мыңға жуық адам тұратын 39 елді мекенде жалпы құны 45 млрд теңге болатын 10,3 жоба сәтті іске асырылды. 28 ауылда 93 шақырымнан астам кентішілік жол жөнделді. Бұл әлеуметтік нысандарға ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етті.

Негізгі жетістіктердің бірі 68 шақырымнан астам су құбыры желісін салу және қайта жаңарту болды. Бұл 5 мыңға жуық адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Бұқар жырау ауданының екі ауылында 200 орындық клуб, Бұқар жырау ауданының Ғ.Мұстафин кентінде, Ақтоғай ауданының Сарышаған кентінде және Абай ауданының Топар кентінде 320, 150 және 100 орындық заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Бұл спортпен айналысуға жаңа мүмкіндіктер ашты. Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентіндегі мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Осы іс-шаралардың барлығы 139 жұмыс орнын құрып, жұмысқа орналасу үшін қосымша мүмкіндіктерді қамтамасыз етті.

2025 жылы жоба іске асырыла береді. Тағы 32 ауылдық елдімекенді қамту жоспарланған, онда 7,4 миллиард теңгенің 33 жаңа жобасы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында 107 шақырымнан астам жолды күрделі жөндеу, 200 орындық клуб, Нұра ауылындағы өнер үйі және Нұра ауданының Шұбаркөл ауылындағы мектепке спорт залы, Қарқаралы ауданының Қарағайлы ауылындағы ДСК құрылысы аяқталады.

Бұқар жырау ауданының Трудовое ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту және Ақтоғай ауданының Сарышаған кентіндегі су құбыры сорғы станцияларын кеңейту жобалары ағымдағы жылы аяқталады. Ауылда спортты дамыту үшін екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және бассейннің құрылысы басталады.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту мақсатында Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде қазандық салу және Шет ауданының Красная поляна ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарлануда. Сондай-ақ, дипломмен ауылдағы кадрлық әлеуетті арттыру үшін 2024 жылы әлеуметтік саланың 172 маманына тұрғын үй сатып алу үшін 1 296,2 млн.теңгеге бюджеттік несие берілді. 360 маманға 132,9 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы берілді.

Жастар мамандардың жалпы санының 88,5%-ын құрайды. Бұл жастардың ауылдық аудандарда жұмыс істеуге жоғары қызығушылығын көрсетеді. 2025 жылға 116 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие, 310 маманға көтерме жәрдемақы қарастырылған.

Қойылған міндеттерді орындау бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Татьяна АБЛАЕВА,
Қарағанды облыстық экономика басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button