АймақПриозерск

Өңір экономикасы өрлеу жолында

Өткен жылы Приозерск қаласында «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 165 млн.теңге сомасына 38 жоба жүзеге асырылып, 28 адам жұмыспен қамтылған. Биыл 189 млн.теңге сомасына 40 жобаны іске қосып 32 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, 82 млн.теңге сомасына 5 шағын және орта кәсіпкерлік нысан іске қосылады деп күтілуде. Бұл туралы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев мәлімдеді.

Шаһар басшысы Сапар Қайыркенұлының айтуынша, қазіргі таңда барлық шаралар әлеуметтік сала мен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған. Былтыр жалпы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер орындалған.

–Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде 2022 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына 26 млн. теңгеден астам сомаға әлеуметтік қолдау көрсетілді. 521 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй жәрдемақысына ие болды. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 298 адам оңалтудың техникалық құралдарын алып, 54 адам шипажайда ем алды. 1 200-ден астам азамат мерекелік және атаулы күндерге бір реттік төлемдер төленді. 9  азамат инватаксиде  жүрумен қамтамасыз етілді. Барлық белгіленген әлеуметтік қолдау шаралары ағымдағы жылы жалғасатын болады. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 млрд. 977 млн. теңгені құрады. Өнімнің нақты көлемінің индексі – 32,3 пайыз. Көрсеткіштің төмендеуі «Ер Тай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  руда құрамындағы қорғасын концентратының үлесінің төмендеуіне байланысты болды. «Ер Тай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қосқұдық» жаңа кен орнын ашуына байланысты аталған көрсеткіш ағымдағы жылдың соңына дейін орындалады. Қалада 803 шағын және орта бизнес субъектілері  жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылғандар саны  1 562 адам. Жұмыспен қамту көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға артты, – деді Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев.

Халықтың әл-ауқатының өсіп, тұр­мысының жақсара түсуіне үлкен әсер ететін мәселенің бірі ‒ ба­ға­ны тұрақтандыру. Жөнсіз өсіп кететін баға тұрғындардың тұрмыс жағдайына кері әсер етіп қана қоймай, экономи­ка­ның өсуіне де қиындық тудырады. Сондықтан, Приозерск қаласында осындай проб­лемалардың алдын алып, әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік тауар­лары­ның бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюд­жеттен қаржат бөлінген. Жергілікті бюд­жет, негізінен, әлеуметтік са­лаға бағдарланған. Басым бөлігі білім беру, денсаулық сақ­тау, әлеуметтік қамтамасыз ету және спорт салаларына арналған. Әлеуметтік са­лаға барынша назар аударылған. Қазіргі уақытта жастардың саны 2 767 адамды  құрайды. 377 жас жұмысқа орналасқан. «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында жазғы кезеңге уақытша 75 адам, «ЭКОСАРБАЗ» жобасы бойынша 20 жас жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 2 млн. 450 мың теңге құрайтын  облыс әкімінің грантын қалалық 2 жас кәсіпкері ұтып алған. «Zhas Project» жобасы бойынша 3 жас кәсіпкер әрқайсысы 1 млн.теңгеден қаржыға қол жеткізген. Жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында қала әкімінің грантына 12 млн.теңге қаржы бөлініп, 7 жоба жүзеге асырылған. Бұл шара 2023 жылы да жалғасбақшы. Осы мақсатта қала бюджетінен 20 млн.теңге қарастырылған.

Қала басшылығы тарапынан ха­лықты баспаналы етудің өзге де жолдары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, қалада құрылыс жұмыстары қарқын алған. Нақты айтқанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 560 млн. теңгені құрап отыр. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы ауданы 6 100 м2 Балқаш көшесі бойында 45 пәтерлі 5 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Кезекке сәйкес 90 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Биыл 210 көрермен сиятын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталып, облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, қолдау тапқан. Сондай-ақ, 500 орындық мәдениет үйіне және 30 пәтерлі тұрғын үйге жалпы сомасы 497,8 млн.теңге қаржы бөлінген.

Жергілікті әкімдік қазына қазанынан алынған қаражаттың есебінен қаладағы автожолдар мен ішкі орамдық көшелердің жыртығын жамап, жол салынбаған жерлерге жаңасын төсеу, электр желілерін ауысытыру, суармалы су жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасатындығын айтты.

Нұрдос КӘРІМ,

ПРИОЗЕРСК.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button