Бас тақырып
Өңір басшысы референдумда дауыс берді
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді. Өңір басшысы Кеншілер мәдениет сарайындағы № 17 учаскеде өз дауысын берді.
– Біздің учаскеде 2201 адам тіркелген. Белсенділік бар, адамдар таңертеңнен келіп, дауыс беріп жатыр. Осы сағатқа дейін референдумға қатысқан ең егде дауыс берушіміз 90 жастағы кейуана, – деді № 17 учаске төрағасы Ерлан Құлымбетов.
Дауыс беру процесін тәуелсіз бақылаушылар бақылайды.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында дауыс беруге арналған 650 учаске жұмыс істейді. Референдумға қатысушылардың тізімінде 760 мыңнан астам тұрғын тіркелген.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.