Жаңалықтар

IQANAT: Арман – үздік

Қарағанды облысының оқушысы IQANAT республикалық олимпиадасында бірінші орын алып, биология пәнінен үздік нәтиже көрсетті. Зияткерлік жарыстарда барлығы 34 ауыл оқушысы өңір намысын қорғады. Марапат ретінде жеңімпаздар IQanat High School of Burabay-да оқуға шақыру алды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада IQanat республикалық оқушылар слеті өтті, оған еліміздің барлық облыстарының 164 ауданының ауылдарынан 750 оқушы қатысты. Марапаттау рәсімінде 100 жеңімпаздың есімдері аталып, олар IQanat High School of Burabay-ға оқуға шақырылды.

IQHSB іріктеу нәтижесі бойынша қарағандылық төрт оқушы өтті. Олар:

– Арман Айтқалиев – Абай ауданының Корниенко атындағы кенті ҚББМО;

– Нұрдәулет Қаблан – Қарқаралы ауданы Бақты ауылының № 21 ОМ;

– Игорь Салаватов – Шахан кенті № 2 ОМ;

– Иван Фатеев – Бұқар Жырау ауданының Ботақара жалпы орта білім беретін мектебі.

Арман Айтқалиев республикалық олимпиадада 1-ші орын алып, биологиядан үздік нәтиже көрсетті.

– Мен өте қуаныштымын, әлі күнге дейін грант алғаныма сене алар емеспін. Мен үшін бұл керемет мүмкіндік, мен оны міндетті түрде қолданамын. Болашақта қандай мамандықты таңдасам да Қазақстан тарихында өз есімімді қалдыруды армандаймын. Осы 5 күн ішінде біз ерекше мотивация мен білім алдық, енді мұның бәрін дұрыс арнаға бағыттау керек, – дейді Арман.

IQanat қоры ауылдық жерлердегі мыңдаған балаларға ең жоғары технологиялық мектептердің бірі – Qanat High School of Burabay-ға оқуға түсуге және олимпиаданың барлық финалистерінің білім беру бағдарламаларымен олимпиададан кейінгі сүйемелдеуге мүмкіндік береді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button