Жаңалықтар

IQ DODA республикалық зияткерлік ойыны өтеді

Алматы облысында өткізілетін  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған  IQ DODA республикалық зияткерлік ойынының

ЕРЕЖЕСІ

І. Зияткерлік ойынның мақсаты мен міндеттері

Халықтың барлық топтарының өкілдерін Елбасы идеяларының айналасына біріктіру, қазіргі заманның жаңа жағдайларына сәйкес зияткерлік даму, стандартты емес дербес ойлауды, интуицияны, әзіл сезімін, зияткерлік реакцияны дамыту.

Сонымен қатар, барлық жаңалыққа әзір болу, белгісіздікті тануға ұмтылу және білімге табыстың іргелі факторы ретінде ұмтылу. 

Қазақстан Республикасы тұрғындарының зияткерлік деңгейін арттыруға жәрдемдесу.

ІІ. Өтетін орны және мерзімі

Зияткерлік ойын 2021 жылдың желтоқсан айы, Талдықорған қаласы, Журналистер үйі.

ІІІ. Зияткерлік ойын өткізудегі жетекшілік

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ІV. Зияткерлік ойын шарттары

  • Кешігуге тыйым салынады (финалға және финал барысындағы үзілістерден кейін).
  • Ойын барысында әдепсіз сөйлемді қолдануға тыйым салынады, осы ережені бұзған жағдайда команда ескерту алады, одан кейін дисквалификацияға ие болады
  • Зияткерлік ойынға ұялы телефонмен қатысуға, ойын барысында пайдалануға тиым салынады.
  • Команда саны 5 адамнан.
  • Қатысушылардың барлығы вакцина алған және Ashyq мобильді қосымшасында статусы жасыл болуы тиіс.

V. Қаржы шығындары.

Марапаттау шығындарын (грамоталар мен дипломдар және бағалы сыйлықтар) Алматы облысының ішкі саясат басқармасы тарапынан.

VI. Марапаттау.

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы тарапынан диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Басқа материалдар

Back to top button