Жаңалықтар

Инвестиция: үздік жобалар үміті

«Террикон алқабы» ІТ-хабында кәсіпкерлер мен стартаперлерге арналған бағдарламалардың финалистері өз жобаларын ұсынып, ақшалай гранттар үшін бақ сынады.

Сурет ұйымдастырушылардан

Десек те, «Акселератор» және «Инкубатор» бизнес-бағдарламаларының барлық қатысушылары финалға жете алмады. Әлеуетті инвесторлар алдында акселерация­лық бағдарламаның алты командасы және инкубациялық бағдарламаның алтауы өз нәтижелерін ұсынды.

Алғашқыда «Инкубатордың» финалистері идеяны жұмыс істеп тұрған бизнеске айналдырғысы келетін стартаперлерге арналған бағдарлама әзірлеушілер жобасын талқыға салды. Олардың қатарында YAEM командасының қатысушылары – Егор Лошкарев, Олег Масленников және Артем Захарченко бар. HoReCa сегментіне арналған QR мәзір жобасын әзірлеген жастар тұтынушыларға баяу қызмет көрсету, басып шығару шығындары және шетелдік қонақтарға қызмет көрсетуге арналған жобаны ұсынды.

«Террикон алқабында» ІСompile әзірлеушілері де өнер көрсетті. React Native жобасын әзірлеуде 3 жылдық тәжірибесі бар, АҚШ-тағы IB-мектепте оқыған Қасымжомарт Шұбай соңғы бір жарым жыл бойы стартаптарды іске қосу үстінде екенін айтты. Серіктесімен бірге жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалау тілінде жазылған мәтінді машина кодына аударатын бағдарламаны жасады.

– Бағдарламаға қатысу барысында жобаның пилотын жеке мектептердің бірінде өткізіп, алғаш пайда тауып, 782 премиум-пайдаланушыны қоса алдық, – деп атап өтті Қасымжомарт Шұбай.

Инкубациялық бағдарламаның тағы бір финалистері «Лактопроф» жобасын ұсынған команда – Анастасия Шмидтке мен Анна Попова бала емізетін аналарға және қосымшаның ақпараттық материалдары бойынша білікті кеңесшілерге қол жеткізуді ұсынатын мобильді қосымшаны жасады. «Инкубаторда» Анастасия мен Анна жобаның веб-сайтын құрып, сатуды және өнімнің өзін дамыту жоспарын жасады. Сонымен қатар жобаның қажеттілігін растайтын алғашқы сатылымдарды өткізді.

Сайыс нәтижесінде YAEM, iCompile және «Лактопроф» жобалары 500 000 теңге көлемінде грант иегерлері атанды.

Екінші бөлім жұмыс істеп тұрған бизнесті дамытуға арналған бағдарлама – «Акселератор» түлектері жобаларының тұсаукесерлеріне арналды. JolScan, ТalkТrack, EatPlay.kz, sidekick, ZANTech.kz және Teleport командалары өз нәтижелерімен бөлісті. Инвестор – Тerricon venture клубы стартаптарға 25 миллион теңгені бағыттауға дайын екенін мәлімдеді. Жақын арада ұйымдастырушылар жобаларға қандай көлемде инвестиция алатынын жария етпек.

– Біз бизнес-бағдарламаларымызға қатысқан жобаларды инвестициялаймыз. Олардың қалай өзгеретінін және өсетінін көреміз, әлеуетіне сенімдіміз. Командаларды біліммен ғана емес, қаржылық ресурстармен де қолдауға дайынбыз, – деді «Террикон алқабының» басшысы Сабыр Ниязов.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button