ЖаңалықтарРесми

Интернет сапасының төмендеуіне не себеп?

Соңғы кездері интернет жылдамдығы төмендеп кеткенін сіз бен біз жақсы біліп те, көріп те жүрміз. Ал, интернет сапасының төмендеп кетуіне себеп не? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елдегі интернетке қатысты мәселелер неге байланысты екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Интернеттің сапасы неге төмен екені туралы көптеген шағым бар. Біз мұны мойындаймыз. Бірақ кейбір факторларға тоқталғым келеді. Мысалы, Tik Tok, YouTube және басқалары бар. Олар толығымен қолданылады. Күнделікті өмірде такси жүргізушілері де бағдаршамда тұрған кезде телефондарынан видео қарайды. Экономиканың басқа салаларында да интернет қолданылады. Осыған байланысты интернет-трафикті пайдалану да айтарлықтай өсіп барады. Пандемия кезінен бастап бұл көрсеткіш 800 петабайтқа жетті, – деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, халықаралық телекоммуникация саласында ITY деген ұйым бар. Оның айтуынша, былтыр әлем бойынша интернетті пайдаланатындар саны 4,9 миллиардтан асқан.

– Дәл осы уақытта еліміздегі интернетті пайдаланушылар саны, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 90,9 пайыз болған. Интернетті пайдаланушылар саны ғана емес, олардың интернетте өткізетін уақыты да артып келеді. Бұл деректер инфрақұрылымдық коммуникацияларға жүктеменің артуына басты себеп болып отыр, – деді Бағдат Мусин.

Басқа материалдар

Back to top button