Интернет сапасы жақсарады
Биыл облыстың барлық мектептері жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады. Жыл басынан бері жүргізілген жұмыстар нәтижесінде өңірде 38 мектепте интернет жылдамдығы артқан.

Білім басқармасы мамандарының мәліметінше, өткен жылы облыс мектептерінде интернетке қосылу сапасын тексеру жұмыстары жүрді. 412 жалпы білім беретін мектептің 143-нің интернет жылдамдығы талапқа сәйкес келмейтіні анықталды.
Мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту білім беру қызметі сапасына әсер етеді. Жылдамдықты арттыруға техникалық мүмкіндігі жоқ 106 мектеп Оқу-ағарту министрлігінің 2000 мектеп тізіміне енгізілді.
2024 жылдың маусымына дейін 106 мектепте Starlink спутниктік байланыс технологиясы арқылы Интернет жылдамдығын арттыру жоспарланған.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz