Жаңалықтар

Инклюзия кабинеттері ашылды

Аяулым СОВЕТ,

Ortalyq Qazaqstan

Биылғы оқу жылында «Әрбір бала мектепке лайық» республикалық жобасы аясында «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен Қарағандының екі мектебінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері ашылды.

Сондай-ақ, «Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен №25 және № 36 орта мектепте инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша ресурстық орталықтар жұмысын бастады. Орталықтарға ерекше балалардың ата-аналары кеңес алу мақсатында жүгіне алады. Оларға педагогтер қажетті әдістемелік көмек береді. Ерекше білім беруде қажеттілігі бар әрбір оқушыда тьютор болғандықтан, оны барлық сабақтарда және үзілістерде қолдануға болады. Ол сүйемелдеу арқылы балаларға өзара іс-қимыл жасауға көмектеседі.

– Бүгінгі таңда Қарағандыда сегіз инклюзивті кабинет жұмыс істейді. 2020-2021 оқу жылының басына қарай тағы жетеуін ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша инклюзивті білім беруді дамытуға үлкен көңіл бөлінбек. Ерекше балаларға бірдей және жайлы жағдай жасауға тырысамыз. Мектептерде инклюзия кабинеттері арнайы заманауи жабдықтармен жабдықталған, – деп мәлімдеді қалалық білім бөлімінің мамандары.

Басқа материалдар

Back to top button