Жаңалықтар

Инфрақұрылымды дамыту қарқынды жүзеге асуда

     Тәуелсіздігіміздің кейінгі 15 жылында ғана облыста 3400 шақырымға жуық жол жөнделді, соның ішінде, өткен 2016 жылы 559 шақырым автожол жөндеумен қамтылды.

    Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағында Қазақстанның ең ірі ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін қайта құру жүзеге асырылуда.

    Осы жобаны іске асыру 2013 жылы Анар-Теміртау телімінде қайта құру жұмыстарынан басталды. Өткен жылдың 6 желтоқсанында бұл телім бойынша жол қозғалысы телекөпір тәртібінде Елбасының қатысуымен ашылды.

   Жолдың бұл бөлігі аралық барьерлері бар 1 техникалық санаттағы 4 жолақты магистраль болып табылады. Қарама-қарсы қоз­ғалыс ағымдарының қиылысуларын болдырмау мақсатында магистраль телімі бой­ында орналасқан елді мекендердің маңайларынан Қарағанды облысының аумағы бойынша 8 көлік тораптары салынған. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары апаттылық деңгейін елеулі төмендетуге және ең маңыздысы жол-көлік оқиғалары құрбандары санының азайуына мүмкіндік береді.

   Ағымдағы жылы жұмыстар аралық барьерлері бар 1 техникалық санаттағы 6 жолақты «автобанға» ауыстырылатын ұзындығы 15 шақырымдық Қарағанды-Теміртау магистралі телімінде жалғасатын болады. Сондай-ақ, көлік тораптары мен көпірлерді салу қарастырылған.

    Өткен жылы Қарағанды қаласы жолдарындағы күрделі мәселелерді шешуге ерекше назар бөлінді. Облыс орталығы жолдарының жағдайын сапалы өзгерту бағытында үлкен қадамдар жасалды, осылайша 2016 жылы қаланың 30 нысанында жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

   Бұдан басқа, облыста республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды қайта құру, күрделі, орташа жөңдеу бойынша жұмыстар орындалды. Осылайша республикалық маңызы бар жолдарда 232 шақырым, облыстық маңызы бар жолдарда 172 шақырымдық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды, облыстың қалалары мен аудандарында 155 шақырым жол жөнделді. Облыс жолдарында үздіксіз ағымдағы жөңдеу және күтіп ұстау бойынша шаралар орындалуда.

   2016 жылы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарындағы 23 көпір мен өтпежолдарды құру және қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілді. Оның арасында 17 данасы «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін қайта құру аясында орындалды. 4 көпірдің (Бұқар жырау және Осакаров аудандарында) және Қарағанды мен Жезқазған қалаларындағы 2 өтпежолдың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 2015 жылы тасқынның нәтижесінде бұзылған 4 көпірді қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды.

   2016 жылы Терешкова көшесі мен Бұқар жырау даңғылы бойындағы жол телімдерінде экспериментті түрде жасартатын қоспалар қолданылды, олар битумның тозу үрдісін баяулата отырып жол жабынының қызмет ету мерзімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл телімдердегі жол жабыны күйін талдау қысқы кезең аяқталғаннан кейін орындалады және осы қоспаларды бұдан әрі пайдалану тиімділігі құпталған жағдайда оларды қолдану ұлғаятын болады.

   Осылайша, ағымдағы жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, облыстың жол саласы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 75% деңгейіндегі нысаналы индикаторға жетті.

   Көлік саласы жұмысының негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсімі байқалуда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар және жүк айналымдарының деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 4,8%-ға өскен.

   Қазіргі таңда облыстың маршруттық жүйесі 280 елді мекенді қамтитын 225 тұрақты бағыттан құралған, оның ішінде 115 бағыт қалаішілік, 54 қала маңындағы, 56 ауданаралық облысішілік қатынастар болып табылады. Оған қоса, 24 облыс­аралық және Ресей Федерациясының Новосибирск, Екатеринбург, Барнаул, Омск, Томск, Тюмень, Кемеров қалаларын, Монғо­лия мемлекетінің Баян Өлгей өңірін об­лыс орталығымен жалғайтын 12 халық­ара­лық автобус бағыттары бойынша жолаушы­лар тасымалы ұйымдастырылған.

   Қолданыстағы маршруттарда әр түрлі сыйымдылықтағы және модификациядағы 1300-ден астам автобус бекітілген. Аталған қатынастарда жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға 40 заңды тұлға және жеке кәсіпкерлер жұмылдырылып отыр.

   Облыс аймағында қолданыстағы 31 теміржол вокзалы орналасқан. 50 елді мекенді қамтитын теміржол жолаушылар көлігінің 12 әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдануда.

   Облысымыздың көлік құрылымындағы басты элементтерінің бірі Қарағанды қаласының теміржол вокзалы болып табылады. Облысаралық және халықаралық көлік айлағының рөлін атқаратын бұл нысан арқылы әр түрлі бағыттағы 22 пойыз қозғалыс жасайды.

   Жезқазған аймағы тұрғындарын қосым­ша қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 1 қаңтарынан Ас­тана-Жезқазған бағыты бойынша қатынайтын пойыздың жүру жиілігі өзгертіліп, қазіргі таңда жолаушыларға Астана қаласына күнделікті қатынау мүмкіндігі туындап отыр.

    Облыс көлік инфрақұрылымының ірі, әрі стратегиялық маңызды нысандарының бірі – «Сары-Арқа» халықаралық әуежайы. Бұл заманауи аэровокзал терминалы бар жоғары техникалық және пайдалану сипаттамаларына ие әуежай кешені.

    Қарағанды қаласы әуежайының едәуір әлеуеті бар және халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес. Әуежайдың жіктелімі ICАО-ның бірінші санаты бойынша әуе кемелерінің барлық түрлеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Әуежайдан Мәскеу, Алматы, Өскемен, Қызылорда сияқты ірі қалаларға әуе қатынастарының жүзеге асырылуы жалғасуда.

     Өткен жылдың жаз мезгілінде Минск, Батуми, Анталия қалалары бағытында жаңа әуе маршруттары ашылған болатын.

    Сондай-ақ, әуежайдан «Қарағанды-Жезқазған» облысішілік әуе бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдау жүзеге асырылады. Тасымалдаушы – «Жезқазған Эйр» Әуекомпаниясы» АҚ.

     Облысымыз үшін Жезқазған қаласының әуежайы да үлкен маңызға ие. Бұл әуежай арқылы аптасына 3 рет ұшу жиілігімен Жезқазған-Астана және Жазқазған-Алматы облысаралық әуеқатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау жүзеге асырылады.

    Қарағанды және Теміртау қалаларында «Қазақтелеком» АҚ-ның мобильді промо-нүктелерінің ашылу рәсімі өтті.

    Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсан айында қызмет көрсету жүйелері орталықтарын қайта жаңартуға бағытталған іс-шаралар аясында Теміртау қаласында «Қазақтелеком» АҚ-ның абоненттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

   Атқарылған жұмыстар нәтижесінде байланыс саласы көрсеткіштерінің өсімі байқалуда. Мысалы, кең жолақты интернетке қол жетімділікпен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің саны барлық саны 419 елді мекендердің ішінде 236-ға дейін өсті немесе 56%-ға жетті. Телефон байланысы абоненттерінің саны 377 мыңнан астам бірлікті құрап, республика бойынша абоненттердің жалпы санының 10,1%-ын құраған.

    Телекоммуникация саласын одан әрі дамыту мақсатымен 2017 жылы «Халық саны 250 және одан жоғары адамды құрайтын облыстың ауылдық елді мекендерін телефон байланысымен қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы» жобасы басталады. Бұл жоба облысымыздың шалғайда орналасқан ауылдық елді мекендерін телекоммуникациялар қызметтерінің заманауи түрлерімен қамтуға зор ықпалын тигізеді. Алғашқы кезеңде талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы облыстың 61 елді мекенінде еліміздің алдыңғы қатарлы байланыс операторлары – «Қазақтелеком» және «Транстелеком» акционерлік қоғамдары тарапынан жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

А.САНАУБАРОВ,

«Қарағанды облысының

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары басқармасы» ММ басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button