ЖаңалықтарРесми

Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті

Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті, – деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Сонымен қатар, Премьер-Министр Әлихан Смайылов. Қазақстан экономикасының 2022 жылғы 11 айдағы негізгі даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Сурет akorda.kz

– 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті.  Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Қаңтар-қарашада экономиканың өсу қарқыны 2,7% деңгейінде болды. Биыл қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 34%-ға өсіп, $111 млрд-ты құрады. Ал, экспорт 45%-ға, соның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35%-ға өскен.

– Қазіргі кезде Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда. Оның шеңберінде жедел және орта мерзімді іс-шаралар көзделген. Олар ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін арттыруға, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін дамытуға, бөлшек сауданы қолдауға бағытталған», — деді Премьер-Министр.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button