АймақБұқар жырау
Індет ошағы жойылды
Міне, екі жылдан бері Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округінің жылқысынан эпизоотикалық лимфангит ауруы шығып, мал иелері оны не сойып, қымызын ішіп, сата алмай, 400-дей жылқы өліп, карантин енгізілген болатын.

Соған байланысты “Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты” ЖШС ғалымдары әзірлеген отандық дәрінің арқасында аталған округтегі індет ошағы жойылды.
Яғни ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің, ғылыми мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың жетекшілігімен биылғы мамыр-шілде айларында осы ауылдық округтің 2494 жылқысына аудандық бюджет есебінен сатып алынған аталған отандық вакцина салынып, қазір ондағы эпизоотиялық жағдай тұрақталып, қалпына келді.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы