Ресми

Ғимараттарды қалпына келтіруге 31 млрд. теңге бөлінді

Қаңтар оқиғасы кезінде келтірілген шығынның көлемі есептелді. Бұл туралы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжілісте есеп берді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.

Сурет: primeminister.kz

– Қаңтар оқиғасында елдің 8 өңірінде 42 мемлекеттік ғимаратқа зақым келген. Алматыдағы Президент резиденциясын қалпына келтірмей, бұзу туралы шешім қабылданды. Қалған 41 нысан үшін 31 миллиард 100 миллион теңге бөлінді. 37 нысан қалпына келтірілді, – дейді Роман Скляр.

Ол жиында қаңтар айында Жетісу облысы әкімінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарының аяқталатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, наурыз айында Алматы қаласы бас прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат орталығының ғимараты мен Алматы қаласы әкімінің ғимараты қалпына келтірілетінін айтты.
– Қазір мемлекеттік сараптама өтіп жатыр. Жалпы, 356 коммерциялық нысан зардап шекті. Олардың барлығы қалпына келтірілді. Барлық шағын және орта бизнес объектілері бойынша 16 миллиард 700 миллион теңге өтелді, – дейді вице-премьер.

Басқа материалдар

Back to top button