Жаңалықтар

Имамға ел имандай ұйыды

  Белгілі теолог, дінтанушы имам Нұрлан Байжігітұлының есімі көпшілікке әлеуметтік желіден жақсы таныс. Оның көркем мінезі, имандылығы, дін мен салт-дәстүрімізге қатысты орнықты, әсерлі әңгімелері жұртты өзіне көптен баурап алған.

Суреттерді түсірген автор

   Кеше облыс басшылығының арнайы шақыруымен өңірімізге келген Нұрлан имам Абай ауданының жұртшылығымен кездесіп, «Қоғамдағы дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында әңгіме өткізді.

   Кездесу өткен Абай қаласының «Юбилейный» концерт залы қала тұрғындары мен жан-жақтағы ауылдардан келген халыққа лық толып, ине шаншар орын қалмады.

   Осы жиын барысында дін мен дәстүр, дәстүрлі діннің маңызы туралы ашық айтылып, көрермендердің көкейіндегі көптеген сұрақтарға қисынды жауаптар берілді. Сол сияқты ұрпақ тәрбиесі, үлкенге ізет, кішіге құрмет, отбасындағы сыйластық, өмірде өз жолын, жар таңдау, қазақтың ырым-тыйымдарын қолдану тәртібі кеңінен насихатталып, түсіндірілді. Ол әр сөзін нақты мысалдармен дәлелдеп, негіздеп, елге ұғынықты, қарапайым тілмен сөйледі.

  Тағлымы мол кездесу соңында аудан тұрғындары атынан Абай Бегей ақсақал алғыс айтып, Ұлы ақынымыз Абайдың кітабы мен ескерткіш мүсінін сыйласа,шәкірті, Абай ауданының бас имамы Асхат Қанатұлы шапан кигізіп, сәрептілік фермер Жәнібек есімді азамат оған ат мінгізді.

Кездесу туралы тағы да толық материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Ержан ИМАШ,

ortalyq.kz

Абай ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button