Ресми

Ілкімді істер – іргелі қоғамның кепілі

Өткен 2023 жыл бірқатар саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістермен атап өтілді. Біз баршамыз еліміздің саяси институттарының – барлық деңгейдегі депутаттардан бастап, аудандық және ауылдық маңыздағы әкімдерге дейін дәйектілікпен жаңартылғанына куә болдық.

Өткен жылы өңірде 200-ден астам ірі іс-шара жүзеге асырылды. Атап айтқанда, бизнес форумдар, өнеркәсіптік, оңалту, спорт нысандарын, дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарын, coworking-орталықтарын ашу, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға кілттерді тапсыру және түрлі мамандықтардың алдыңғы қатарлы өкілдеріне облыс әкімінің жыл сайынғы сыйлығын тапсыру және тағы басқалары.

Сонымен қатар, халық пен билік бірлігі идеологиясын, «Адал Азамат», «Заң және тәртіп» идеологиялық месседждерін ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік және өзге де мейрамдарды мерекелеуге арналған 5000-ға жуық мәдени, патриоттық, шығармашылық, танымдық, спорттық, әлеуметтік, қайырымдылық, экологиялық іс-шаралар өткізілді.

Біздің тарапымыздан облыстық және республикалық деңгейде кең ауқымды ақпараттық қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, жылдың басты саяси және басқа да маңызды оқиғаларын ақпараттық қолдауға басты назар аударылды. Бұл Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы, ел Президентінің Жолдауы, Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері және т.б. Бұл ретте, алғаш рет әкімдердің тікелей сайлауы өтіп, нәтижесінде өңірдің тұрғындары 2 аудан, 1 қала және 44 ауылдық округ әкімдерін сайлады.

Біздің жұмысымызда Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі аспектілерін халық арасында түсіндіруге ерекше мән беріледі. Бұл жұмыс үшін бізде ақпараттық-насихаттау топтарының тұрақты базасы қалыптастырылды (анықтама үшін: 1 облыстық, 6 қалалық, 7 аудандық).

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында өткен жылы облыстық ақпараттық топ жұмысының форматын қайта қарадық. Біріншіден, біз оның құрамына тек облыстық басқармалардың бірінші басшыларын енгіздік, екіншіден, облыстағы барлық түйткілді мәселелерді анықтадық, үшіншіден, соның негізінде нақты сол өңірлердегі басшылардың тұрғындармен кездесуінің кестесін жасадық, онда тұрғындардың мүдделі мәселелерін мақсатты түрде шешу үшін жергiлiктi жерлерде жеке азаматтардың қабылдауын жүргiзе отырып, олардың құзыретiндегі проблемалық мәселелер анықталды.

Осы өткізілген кездесулердің барлығы мемлекеттік органдар мен халық арасында сенім мен кері байланысты орнатуға, сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға ықпал етті.

Жалпы, облыста өткен жылы ақпараттық топ мүшелері тарапынан түрлі санаттағы тұрғындармен 1200-ден астам кездесу өткізіліп, 200 мыңға жуық адам қамтылды.

Біздің облыс Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының саны бойынша рейтингте үшінші орынды иеленіп, ең медиалық облыстың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта облыста 188 БАҚ тіркелген.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қала және аудан әкімдерінің, облыстық басқарма, департамент, комитет басшыларының қатысуымен халық арасында өңірдің өзекті мәселелерін түсіндіру жөніндегі брифингтер апта сайын өткізіледі. 2023 жылы 178 брифинг өткізілді, оның 42-сі жоспарлы, 119-ы жоспардан тыс.

Ақпараттық жұмыста дәстүрлі БАҚ-тан бөлек әлеуметтік желілердің алатын орны ерекше. Мәселен, халықпен тікелей байланысқа қол жеткізу үшін облыстың барлық қала және аудан әкімдерінің әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттары ашылған, оларда «Әкім сағатының» 133 тікелей эфирі өткізілді. Облыстық басқарма басшылары да осындай тікелей эфирлер жүргізді (барлығы 76). Тікелей эфир өткізу кезінде облыс тұрғындарынан 4 166 сұрақ түсті, басқармаларға – 1 204 сұрақ.

Бұқаралық ақпарат құралдары мамандарының қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында жыл сайын облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығын табыс ету байқауы өткізіледі. Байқау 7 жылдан бері өткізіліп келеді. Өткен жылы БАҚ-тың 11 өкілі осы сыйлыққа ие болды. Жалпы, 2006 жылдан бері осы сыйлық 232 журналист пен 10 бұқаралық ақпарат құралы ұжымына табыс етілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалануды насихаттау және оған мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс жүргізіледі.

Мемлекеттік, квазимемлекеттік органдар мен жеке құрылымдарға әдістемелік және консультативтік көмек көрсету мақсатында тоқсан сайын облыстың қалалары мен аудандарына шығу сапарлары жүзеге асырылады. 2023 жылы 87 мекемедегі мемлекеттік рәміздердің жай-күйін зерттедік. Барлық анықталған кемшіліктер мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның отырыстарында қаралды.

Саяси алаңда «Аманат», «Ақ жол» ҚДП, «Ауыл» ХДПП, «Қазақстанның халық партиясы», «ЖҰСДП», «Байтақ» және «Республика» саяси партиялардың жеті филиалы ұсынылған. Барлық деңгейдегі мәслихаттарда (облыстық, қалалық, аудандық) ЖҰСДП-дан басқа алты партияның өкілдері бар.

Облыстың қоғамдық кеңесі өз қызметін белсенді атқарады. 2023 жылы оның құрамы жаңартылып, оған облыстың әр өңірінің өкілдері енгізілді. 2023 жылы 5 отырыс өткізіліп, облыс әкімі мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен облыстың өзекті мәселелері талқыланды.

Біздің облыста 1000-нан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді және де азаматтық сектор қоғамдық мәселелерді шешуге, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуда. Мемлекетпен диалогты тиімді нығайту мақсатында облыстық Азаматтық форум ұйымдастырылды, оған отандық және шетелдік сарапшылар, республикалық кәсіподақ және діни ұйымдардың, саяси партиялардың, ҚХА, «Қоғамдық келісім» РММ, республикалық және өңірлік ҮЕҰ, БАҚ өкілдері мен тәуелсіз блогерлер қатысты.

Этносаралық қатынастарды нығайту саласында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі аясында этномәдени бірлестіктермен жұмыс жолға қойылған.

Бүгінде ҚХА құрылымында 52 ақсақалдар кеңесі, 129 аналар кеңесі, 14 жастар этномәдени ұйымы, ғылыми-сараптамалық топ, Журналистер мен сарапшылар клубы, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы, «Еріктілер лигасы» еріктілер ұйымы және т.б. жұмыс істейді.

Облыстың жетекші 4 жоғары оқу орнының базасында ҚХА кафедралары ашылып, нәтижелі жұмыс атқаруда, Қарағанды, Теміртау, Саран қалаларында 3 «Достық үйі» жұмыс істейді.

Есептік 2023 жылы ҚХА барлық құрылымдарының қатысуымен 300 мыңға жуық адамды қамтыған 600 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді (дөңгелек үстелдер, фестивальдар, байқаулар және т.б.).

2024 жылдың күн тәртібі маңызды оқиғаларға толы. Олар Мемлекет басшысының жақында болған сұхбатында айтылды – бұл алдағы Құрылтай, Қазақстанның бірнеше беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі, Қазақстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу, Жошы ұлысының нақты құрылғанының 800 жылдығы және т.б. Көрнекті тарихи қайраткерлер: белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын, атақты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын ұлықтау.

Өңірлік деңгейде мерейтой күндерін – Қарқаралы қаласының 200 жылдығын, Қарағанды қаласының 90 жылдығын, Саран қаласының 70 жылдығын, үш Даңқ орденінің кавалері Қамали Дүйсембековтің 100 жылдығын, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығын, соғыс ардагері Анна Котованың 100 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмыстары басталды.

Барлық жоспарланған іс-шаралар біздің азаматтарымыздың ынтымағының және қоғамымыздың татулығы мен келісімін нығайтуға мүмкіндік беретін сындарлы диалог құра білудің арқасында жүзеге асырылатыны сөзсіз.

Нұрлан БИКЕНОВ,
облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button