Бас тақырып

ІІМ: «Түнгі жылдамдық 66 км/сағ» туралы ақпарат – фейк

ІІМ әлеуметтік желіде таралып жатқан түнгі уақытта рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болады деген хабарлама жалған екенін хабарлады. 

Сурет ІІМ

– 00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны» жөнінде таралып жатқан хабарлама фейк. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық – 60 км/сағат. Камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды. Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол жүрісі қағидаларын сақтап, мұқият болыңыздар! – делінген ІІМ хабарламасында.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button