Приозерск

ИГІЛІКТІ ІСТЕРДІҢ НӘТИЖЕСІ

   Приозерск қаласындағы мектеп жасына дейінгі оқутәрбие мекемелерінде жылмажыл игілікті істер атқарылуда. Мұның өзі білім берудің мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп келеді.

Осындағы кешенді мектептегі №2 балабақшада ер балалардың еңбекпен шұғылдануына айтарлықтай мүмкіндік жасалған. Бір жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан арнайы үйірме балалардың ойқиялын өрістетіп, бүлдіршіндердің бойында кәсіптік салтдәстүрді өркендетуге мүмкіндік туғызады. Баланы еңбекке жас кезінен баулудың, үйретудің мәні зор. Ал, «Достық» балалар мен жасөспірімдер орталығындағы бассейнге жаңадан ауа тазартқыш қондырғысы қойылды. Гигиеналық тазалықтың сақталуына, бассейн ішіндегі ауаның белгілі бір деңгейде таза тұруына әжептеуір септігін тигізіп отыр. Сондайақ, №2 мектепке де құрылыс материалдары бөлініп, игілікті шаруа тындырылды. Қазіргі таңда оқушылар мен ұстаздар қамқорлықты жете сезінуде.

Былтырғы жылы пайдалануға берілген 200 орындық «Балақай» балабақшасына 2 және 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер қа­был­данып, тәр­биеленуде. Жаңа балабақшада әр түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Атааналардың алаңсыз еңбек етуіне осылай мүмкіндік жасалып отыр.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Приозерск қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button