Жаратушымыз – жалғыз Аллаға ғана сыйына отырып, өнегелі сөздерден ғибрат алу – мүмін мұсылмандардың міндеті деп ойлаймын.
Бисмиллаһи рахман-ир-рахим,
Аллаға патша менен бірдей
тақыр.
Мүмін боп, не болмаса, болсын
кәпір,
Әр адам ажал келсе әлдеқандай
Қолынан Ғазыра тілдің ішер ақыр.
Ғазыра тіл жан алушы тұрар даяр,
Әркімнің уақытты жетсе хабар.
Қайсы түрлі Сахиб-қыран
болсаңдағы,
Ешкім жоқ қарсы тұрып, ұрыс
қылар.
Аллаға құлшылық қып аманыңда,
Болмасын мақтаншақтың
ғамалыңда.
Жазулы Алланың дәптерінде
күндіз-түні,
Істеген жақсылық пен
жамандық та.
Жазудан ешкім қашып кете
алмайды,
Бұйрықсыз, ойлағанмен жете
алмайды.
Мұсылман болу дініңменен –
Күпірлік, көңілдегі кіріңменен.
Өтемей парызыңды, босқа жүрме,
Берілсең бір Аллаға шыныңменен.
Ойласаң өлмеймін деп, кінәлісің,
Қойнына қара жердің кірмеймін
деп.
Шайтанға иманыңды сатып
жүрме,
Тәубеге аманыңда келмеймін деп.
Тірлікте тәубе қылмай өлген
жаман,
Қабірге имансыз боп кірген
жаман.
Шайтанға жолдас болып өмір
бойы
Нәпсінің жетегінде жүрген
жаман.
Ғибрат ал, жақсыларға жақын
жүріп,
Қаша гөр жамандықтан аулақ,
шеттей.
Мысалы, ғарекетің сол секілді
Алмай егін орып, тұқым сеппей.
Пайдаңды жақсы болсаң, тигіз
көпке,
Жатырқап еш адамды сыртқа
теппей.
Қанағат, көп білдім деп айтпа әр
кез,
Көре гөр басқалардың азын
көптей.
Біздерді сусындатқан және мұсылмандар қатарына енгізген Аллаға ризашылық білдірейік!
Камиля ИБРАЕВА.
АБАЙ қаласы.