АймақБас тақырыпҚарағанды

HOWO жүк көліктері Қарағандыда құрастырылады

Қарағанды облысы 2030 жылға дейін жаңа өндірістерді дамытуға қажетті базаны қалыптастырмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар аймақта жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Қазірдің өзінде бірқатар өндіріс орындары іске қосылып жатыр:

• «Saran Machinery» – HOWO жүк көліктерін шығару,

• «Karaganda Insolation» – жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі,

• «KazClinker» – клинкер плиткасы өндірісі.

Сонымен қатар, америкалық «IG Global» және түрік «Yildirim» компаниялары сирек және бағалы металдарды барлау жұмыстарын жүргізуде. «Күйректіқой» кен орнында барлау аяқталып, болжамды қоры 28,2 млн тонна сирек металл деп бағаланды. Сондай-ақ, алтын, мыс пен вольфрамның жаңа перспективті кен орындары анықталды. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы бүгінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Мұнда жалпы көлемі 211 миллиард теңге инвестиция тартылды. Өндіріс орындары 258 миллиард теңгенің өнімін шығарып үлгерді. Соның нәтижесінде мемлекет қазынасына 26 миллиард теңге салық түсті, ал аймақта 1300 тұрақты жұмыс орны ашылды. Мұнда 24 қатысушы тіркелген, оның ішінде 11 жоба іске қосылып, 13-і жүзеге асырылу үстінде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button