Жаңалықтар

Хош, Азамат!

2011 жылы Қасымның 100 жылдық тойы болып жатты. Тойға ат арытып, Алматыдан бір топ ақын-жазушы келіп жатыр.

Сурет: жеке мұрағаттан

Арасында алматылық қаламгер Жұмабай Шаштай бар. Түнімен ұйықтамай, шаршаңқырап келгені көрініп тұр…

– Осы Қасым қандай ақын? – деді біздің елдің бір жігіті қонақ үйдегі бөлмесіне жаңа кіре берген қонаққа, тыныш тұрмай.

– Классик қой!, – деді Жұмекең бас бармағын көрсетіп.  «Ал, Мұқағали ше?!», деді біздің  қу Жетісудың жігіті не айтар екен дегендей сыр бағып. «О да классик», деді Жұмекең.

Біздің қу: «Бірақ, оны Қасымның алдына шығарып жүр ғой?», деп қояр емес. «Ол Қасымның баласы ғой! Баланы әкенің алдына шығаратын қай көргенсіз?! Әдебиетте біреудің орынына біреу отыра алмайды, ол сіздің үйдің төрі емес! Әркімнің өз орыны бар!», деп қызулау Жұмекеңнің екі көзі алайып кетті. Содан тоқтамай, Қасымды жатқа соқсын…

Оның Қасымға деген махаббаты неге елден ерек деп жүрсем, сол сауалдың жауабын Мейірхан Ақдәулеттің «Желтоқсан-86» кезінде жазған бір жазбасынан тауып алдым: «Алаңға қаптап келіп жатқан жастарды көріп, көзіміз бұлдырап, көңіліміз әлем-жәлем болған» деп жазады Мейірхан «Әй, рух тірі екен ғой! Тірі екенбіз ғой!..», деп еді Жұмабай-дос (Шаштайұлы) түрі бұзылып, ерні дірілдеп тұрып…».

Мұндай оғландарда ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын деген күйкі ойлар, мүлде, болмайды, әрине…

Хош, Аяулы Азамат! Сенің атыңды Бас Әріппен жазуға болады, ешкімнен ұялмай! Алдың бейіш, артың кеніш болғай!

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button