Жаңалықтар

Халықтың ықыласы зор

Қарағанды қаласындағы №32 сайлау учаскесінде 2000-нан астам сайлаушы болса, сағат 14.00-де дауыс берушілердің саны 900-ден асты. Олардың жас ерекшеліктері әр түрлі. Арасында егде адамдар да, жастар да, тұңғыш рет дауыс беруге келгендер де бар. 

Сайлауға белсенділік жоғары. Осы учаскеге тіркелген халықтың басым бөлігі тоқтаусыз дауыс беріп жатыр. Халықтың ықыласы зор. 18 жасқа енді толған сайлаушылардың саны 25 болса, үйден дауыс беруге 4 адам өтініш білдірді. Қазір комиссия мүшелері сол тұрғындардан дауыс жинауға кетті, – дейді учаскедегі сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнара Уатаева.

Облыстағы мүгедектерге арналған спорт мектебінің  үстел тенисі бойынша спорт шебері Дархан Тілемісов сайлау туралы ойын білдірді.

Сайлаудың өту барысы жақсы. Біз бүгін келешек ұрпақ үшін таңдау жасап отырмыз. Дұрыс таңдау арқылы ұрпақтың жарқын болашағына үлесіміз тиюі тиіс, – дейді ол.

Қызғалдақ АСҚАРҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Back to top button