Халықтық коалиция өз үміткерін ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауына үміткер ретінде түсетін болды. Бұл жөнінде халықтық коалиция форумында айтылды. Қ.Тоқаев «Президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе» деді.
Қ.Тоқаев Президенттікке нақты бір партияның атынан сайлауға түспейтіндігін жеткізді. Осы орайда, қоғамдық ұйымдар мен партиялардың бірлескен шешімі негізінде, халықтық коалицияның өтінішін құп алды. Бұл кандидатураны халықтық коалиция – «Amanat», «Ақ жол», «Халықтық партия» сондай-ақ, генералдар және ардагерлер кеңесі, жастар мен волонтерлер ұйымы қолдады.
– Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Коалицияда басты саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың болуы өте маңызды, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Аталмыш форумда ел Президенті жаңа Қазақстанның тұғырлы 7 қағидасына да тоқталып өтті.
Өз тілшімізден.