Қарқаралы

Халық қолдайды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талдау мақсатында аудан активі өтті. Аудан әкімі Х.Мақсұтов төрағалық еткен жиынға аудандық мәслихаттың депутаттары, мекеме, кәсіпорын басшылары, ауылдық округ әкімдері мен жастар қатысты.

Алдымен, аудан басшысы халықтың көңілінен шығып, зор қолдауға ие болған мақалаға кеңінен тоқталып өтті. «Елбасы өз мақаласында біздің еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары, біртұтас ұлт болу үшін қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгерту керектігін ортаға салып отыр. Сондай-ақ, Елбасы ұлттық кемелденудің нақты жолдарын көрсетіп, осы уақытқа дейін ұсынылған идеялар мен бастамаларды жүзеге асырудың қазақстандық жолын көрсетіп берді» дей келе, бұл бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, білімнің салтанат құруы, революциялық емес эволюциялық даму және сананың ашықтығы екендігін жеткізді. Көптен халықтың көкейінде жүрген түйіткілді мәселелерді орамды ой, жүйелі пікір, саналы сарапқа салып, салиқалы толғау жасаған Елбасының бұл мақаласы қазақ халқының таным-талғамына, ерекше пейілі мен зейініне айтып жеткізгісіз әсер қалдырды. Әсіресе, туған елге ұласатын «Туған жер» Бағдарламасын қолға алу ұсынысы қазақы қалпы бұзылмаған алтын бесік ауылды мекендеген елді бір серпілтіп, көңілдеріне зор үміт отын жақты. Міне, осындай зерделі ойдан түйген пікірін ортаға салған Қарқаралы мәдени-сауық орталығының директоры М.Омарбеков Елбасының салиқалы саясатын қашанда жүзеге асыру зор жауапкершілік екендігін сөз етті. Бұл жолғы үндеу тереңнен тамыр тартқан айшықты тарихымызды қайта жаңғыртудың бірден-бір кепілі екендігін, үш ғасырға жуық Қарқаралы өңіріндегі тарихи ескерткіштерді қорғау, өскелең ұрпаққа мән-мағынасын түсіндіру, ел болып қалыптасуымызда ойып тұрып орын алатын айтулы оқиғаларды жаңғыртып, кеңінен дәріптеу қажет екендігін баса айтты. Сонымен қатар, рухани жаңғыру процесіне өз үлесімізді қосамыз деген Қарағайлы кентіндегі №16 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Түсіпбеков пен жастар ресурстық орталығының маманы, аудандық мәслихат депутаты Қ.Дүйсембаев алдағы уақытта мемлекет басшысының қойып отырған міндеттерін, ұсыныстарын бірлесе орындап, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуді мақсат ететіндіктерін жеткізді.

Сағыныш ӘБІЛОВА

Қарқаралы ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button