АймақҚарағанды

Халық үніне құлақ асты

Бүгін «Орбита» ықшамауданында өткен қоғамдық тыңдау қала өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болды. Тыңдауға келген тұрғындар аталған ауданда салынуы жоспарланған тұрғын үй кешеніне қатысты өздерінің алаңдаушылықтарын білдірді. Олар бұл құрылыс экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан ыңғайсыздық туғызатынын атап өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Құрылыс иесі бастапқыда жоба биіктігін 9 қабаттан 12 қабатқа дейін өзгерту жөнінде ұсыныс жасағанымен, тұрғындар бұл шешімді қабылдамай, құрылыс жұмыстарын толық тоқтатуды талап етті.

Тұрғындардың бұл талабына қала әкімі Мейрам Қожухов жауап беріп, мәселені мұқият қарауға уәде етті. Ол жобаны күн тәртібінен алып тастап, болашақта бұл мәселені қайта қарастыру үшін уақыт беру қажеттігін айтты. Сонымен қатар, әкім жер телімінің иесімен кездесіп, өзге балама нұсқаларды қарастыруға дайын екенін жеткізді.

Бұл жағдай — халықтың пікіріне шынайы түрде құлақ асу арқылы қалада өзара түсіністік пен әділетті шешімдер қабылдауға болатынын көрсетеді. Ашық диалог пен қоғамдық тыңдаулардың арқасында тұрғындар мен билік арасындағы сенім нығайып, ортақ мүдделерді ескеретін теңгерімді шешімдер қабылдануда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button