Халық мүддесі – билік назарында
Қарағанды облысы әкімінің халық алдындағы 2016 жылғы есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан 37 мәселе көтерілді, 37 жазбаша ұсыныс түсті. Олардың негізгі әлеуметтік салаға байланысты болды.
Ешбір ұсыныс, өтініш назардан тыс қалған жоқ. Облыс әкімдігі шешімін күткен 23 мәселені жіті қадағалауға алды. Оларды шешу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Азаматтарды балабақшалар мен мектептердің, су құбырларының құрылыстары, аулаларды безендіру, су тасқынының алдын алу сияқты мәселелер толғандырды. Сонымен…
Қарағандыдағы Достық үйінің ауданын әрмен қарай игеру жоспарланды. Шығыс жағынан «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 1200 орындық жаңа мектеп салынды. Жасыл желек отырғызылады. Балалар мен жасөспірімдер үйін салудың сызбанұсқалық жобасы әзірленді.
Бөкетов көшесі бойындағы автокөлік жолы құрылысының 1 кезеңі аяқталды. Приканальная көшесі бойындағы автокөлік жолының Республика даңғылынан Тәттімбет көшесіне дейінгі аралығындағы құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленді.
2016 жылғы көктемгі су тасқыны мезгілін қауіпсіз өткізу мақсатындағы іс-шаралар дер кезінде жүзеге асты. Жаңадан бөгеттер салынды, ескілері жөнделді. Арықтар, арналар тазартылды.
«Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы сорғы станциясының №10 кәріз жүйесі коллекторын қайта жабдықтау қолға алынды. «Балқаш қаласы Саяқ кентінде су бөгетін және тазартқыш құрылымдар салу» жобасының концепциясы әзірленіп, құзырлы органдардың келісіміне жолданды. Қарқаралы ауданы Аппаз селосындағы жерасты сулары қорының есебі әзірленді.
Қаражал қаласына кіреберістегі автокөлік жолы мен су жеткізу құрылымдары қалпына келтірілді.
Шахтинскіде коммуналдық базар ашу мәселесі қарастырылуда. Жезқазған қаласында 320 орындық жаңа балабақша ашылды. Қарқаралыдағы оңалту орталығы күрделі жөндеуден өтті.
«Болат» футбол клубы «Шахтер» футбол клубының құрамына кірді.
Өзге төрт мәселе бойынша түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.
Толық ақпарат Қарағанды облысы әкімдігінің www.karaganda-region.gov.kz сайтында жарияланған.
Қарағанды облысы әкімінің
баспасөз қызметі.