Ресми

Халық коалициясының мүшелері Абай ауданы аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ауданның Құрма ауылындағы мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.
Суреттер ұйымдастырушылардан
Жиынға ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституцияға қатысты референдумның тарихи маңызы, ел дамуы үшін атқаратын рөлі және қоғамдағы жауапкершіліктің мәні кеңінен талқыланды.
Қатысушылар тарапынан мазмұнды сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу өтті. Тұрғындармен өткен мазмұнды диалог барысында конституциялық өзгерістердің маңызы жан-жақты талқыланды. Халық коалициясының мүшелері  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button