Ресми
Халық коалициясы Қарағандыдағы “Темір бұйымдар зауыты” жұмысшыларымен кездесті
Бүгін халық коалициясы Қарағанды қаласындағы темірден жасалатын бұйымдар шығаратын зауыт жұмысшыларымен кездесу өткізді. Аталмыш кәсіпорында 200-ге жуық жұмысшы еңбек етеді.

Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, әлеуметтік саладағы атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар жұмысшылар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, ашық диалог форматында пікір алмасты.
Кездесулер еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатуға, маңызды бастамаларды түсіндіруге және қоғамдағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік береді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



