Жаңалықтар

Халық Кеңесі – қоғамға қажет құрылым

Қазақстан Конституциясының жаңа жобасын оқып, зерделеп, оған “Қазақстан Халық Кеңесі” ұғымының Vl тарау болып енгізілгенін қуана құптап, ол мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты қалыптастырып, нығайтудағы маңызды қадам деп санаймын.

Коллажды жасаған Шынар Адамбекова

Қазақстан халқының мүддесін білдіретін кеңесші орган ретінде бекітілген және еліміздің азаматтарынан құралатын Халық Кеңесінің азаматтарымыздың мемлекеттік шешімдерді қабылдауға институционалдық қатысуына деген қоғам сұранысын танытатыны көрінеді.

Әсіресе, оны қалыптастыру тәртібі, қызметінің өкілеттіктері мен ұйымдастырылуы Ата заңмен белгіленуі маңызды. Мұның өзі аталған құрылымның құқықтық айқындығын, ашықтығын және табандылығын қамтамасыз етеді.

Халық Кеңесіне мемлекеттік ішкі саясаттың өзекті мәселе, бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар әзірлеу, қоғамдық келісім, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, сондай-ақ мемлекет қызметінің базалық принциптері мен жалпыұлттық құндылықтарды алға бастыру жөнінде беріліп, бекітілген өкілеттіктері қолдауға тұрарлық. Бұл міндеттер қазіргі жағдайға сай келіп, қоғамды біріктіру мен әлеуметтік шиеленістердің алдын алуға, бірыңғай құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Халық кеңесіне Құрылтайға заң жобаларын енгізуі мен жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеру құқығы берілгені де ерекше назар аудартады. Мұның өзі заңдылық үдерісіндегі азаматтық қоғам ролін күшейтеді және тікелей демократия механизмдерінің дамуына ықпал етіп, Әділ және Еститін мемлекет құру курсына толық жауап береді. Тұтастай алғанда, Ата заңымыздың ұсынылып отырған жаңа жобасы мемлекеттік үдерістерді басқаруға қоғамның қатысуын күшейту үшін берік институционалдық негіз қалап, мемлекет пен азаматтар арасында өзара сенімді арттырып, сол үшін жан-жақты қолдауға лайық.

Шахвели КУРБАНОВ,
Бұқар жырау ауданы әкімінің кеңесшісі

Басқа материалдар

Back to top button