Ресми

Бір миллионнан астам адам көлік салығын төлемей жүр

Қазақстанда бір миллионнан астам адам мүлік пен көлік салығын төлемей отыр. Қарыздың жалпы сомасы 29,1 млрд. теңгеге жетті, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, берешектің басым бөлігі – көлік салығында екен. Яғни, халық үкіметке 27,9 миллиард теңге қарыз.

– Осы жылдың 26-мамырынан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады, – дейді комитет мамандары.

Заң бойынша жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Ал қарыздың сомасы 40 айлық есептік көрсеткіштен (138 000 теңгеден) асып кетсе, Қазақстаннан шығуға тыйым салынады. Оған қоса, берешек сомасының 25 пайызы көлемінде қосымша ақы төлеуге тура келеді. Бұл – сот орындаушыларының ақысы.

Осыған байланысты азаматтардан қарыздың жоқтығына көз жеткізуді ұсынамыз, – дейді салықшылар. Айта кетері, салықтың бар-жоғын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасынан (→ Электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу арқылы) көруге болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button