Жаңалықтар

Халық игілігі үшін

Октябрь ауданына ұлт мақтанышы – Әлихан Бөкейханның есімінің берілуі дүйім қазақты қуантқаны рас. «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады» деп Әлихан Нұрмұхамедұлы келер ұрпаққа өсиет айтып кеткен. Сол «саясат ісін» бүгінде жер-жерлердегі мемлекеттік қызметшілер атқарып жүр.

Сурет автордан

Бүгінде Әлихан Бөкейхан ауданы барынша абаттандырылып, көркейіп келбетіне көрік қосып келеді. Қазіргі уақытта Майқұдық елдімекенінде халық игілігі үшін жаңадан көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеруде, саябақ абаттандырылып, қайта қалпына келтірілді. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында саябаққа және ауданның түпкір-түпкіріне көшеттер, шыршалар отырғызылды. Орталық көше күрделі жөндеуден өтіп халық игілігіне қызмет етуде. Әлихан Бөкейханға арналып салынған мурал аудан көркіне көрік қосып, ажарын ашып тұр, Сұрыптау елдімекенінде Теміржолшылар мәдениет үйінің алды абаттандырылды.

Дана халқымыз «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын, жаманның жамандығын айт құты қашсын» деп бекер айтпаған. Осы орайда саналы ғұмырын әскери салаға арнап, бүгінде жасы 80-нен асып жығылса да ауданның ардагерлерімен, зейнеткерлерімен белсенді жұмыс істеп, қоғамдық іс-шараларда зейнет жасындағы азаматтардың белсенді араласуына септігін тигізіп жүрген Марат Аймағамбетовке шынайы көңілден өз алғысымды білдіргім келеді.

23 маусым – мемлекеттік қызметкерлер күні. Осы кәсіби мерекеге байланысты мемлекеттік қызметтің қиындығы мен ауыртпалығына төзіп, халықтың батасын алып, ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімі аппаратындағы әріптестеріме алғыс білдіремін.

Бүгінде ауданның күн санап көркейіп, инфрақұрылымы дамып келе жатқаны қуантады. Халық игілігі үшін бой көтерген әр нысан көңілге медеу береді. Алаш арысының атындағы аудан одан әрі дамуына тілектеспін.

Ерасыл ӘБДІРӘСІЛ,
Әлихан Бөкейхан ауданы әкімі аппараты бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button