Медицина

Халық денсаулығын қорғау: санитариялық бақылау қызметтері туралы нені білу қажет?

Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірегейі. Сондықтан да санитариялық бақылау мәселелері “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексімен реттеледі.

Сурет ЖИ

Барлық нысандар жоғары және шамалы эпидемиялық маңыздылығы бар нысандар болып екі санатқа бөлінеді. Тізім ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген.

Эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге балалар мекемелері мен медициналық мекемелер, 50-ден астам орындары бар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, өнеркәсіптік объектілер және басқалар жатады. Олардың қызметі үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) алу міндетті.

Шамалы эпидемиялық маңызы бар объектілер – отыратын орындарының саны 50-ге жетпейтін қоғамдық тамақтандыру объектілері, отыратын орындары жоқ тапсырысты тағамдар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, өндірістік базарлар, бөлшек және көтерме сауда объектілері, спорттық — сауықтыру мақсатындағы объектілер және басқалар – eGov.kz. порталы арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарлау жасауға міндетті.

Рұқсаттың немесе хабарлаудың болмауы қызметті тоқтата тұруға әкелуі мүмкін (Кодекстің 45-бабының 5-тармағы).

Басқарма санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында үш негізгі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың қолданылу тәртібі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген.

Бірінші мемлекеттік қызмет:

“Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру”

 Халықтың денсаулығына жоғары қауіп төндіретін объектілерді пайдалану немесе жұмысын бастамас бұрын санитариялық сараптамадан өтеді.

Қызмет көрсету мерзімі: 13 жұмыс күні.

Қызметтерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық түрде өтініш беру, аккредиттелген зертханалар жүргізген зертханалық зерттеулер хаттамаларының көшірмелерін, сондай-ақ объектінің кадастрлық паспортын қоса беру қажет.

Екінші мемлекеттік қызмет:

“Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру”

Бұл қызмет қоршаған ортаға жүргізілетін шығарындылар мен төгінділерге, санитариялық – қорғау аймақтарына, өнімнің немесе шикізаттың жаңа түрлеріне байланысты жобаларды бағалауға қатысты.

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.

СЭҚ алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбасы бар өтініш беру және нормативтік құжаттаманың тиісті жобаларының электрондық көшірмелерін қоса беру қажет.

Үшінші мемлекеттік қызмет:

“Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру”

Тіркеу тамақ өнімдерін өндірумен және өңдеумен айналысатын барлық кәсіпорындар үшін міндетті болып табылады. Есептік нөмір объектінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесіне қосылғанын растайды.

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қажетті құжаттар: ЭЦҚ қойылған электрондық түрдегі өтініш, өндірілетін тамақ өнімі тізімінің электрондық көшірмесі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының немесе қызметтің басталғаны туралы хабарлаудың электрондық көшірмесі.

Қызмет көрсетудің жалпы шарттары мен тәртібі:

Барлық қызметтер eGov.kz порталы арқылы электрондық форматта ұсынылады, бұл қызметті өте ыңғайлы, ашық және қол жетімді етеді. Аталған барлық мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға да, және заңды тұлғаларға да ақысыз көрсетіледі.

Қызмет көрсету нәтижесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру, есептік нөмір берілгені туралы растау немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

Бас тарту үшін негіздер – дәйексіз деректер, санитариялық талаптарға сәйкес келмеуі, сот шектеулерінің болуы немесе жеке деректерді өңдеуге келісімнің болмауы.

Санитариялық нормалар мен талаптарды орындау — бұл формальдылық емес, әр азаматтың да, жалпы қоғамның да денсаулығы мен қауіпсіздігіне қосылатын нақты үлес. Біз бақылаушы орган ретінде барлық процестің нормаларға сәйкес өтуі үшін әдістемелік көмек, кеңес беруге әрқашан дайынбыз. Рұқсат беру құжаттары мен хабарлауларды алу сұрақтары бойынша 8(72156)50679 телефоны арқылы немесе Шахтинск қаласы, Ленинград көшесі 81 мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

С.ИРИСТАЕВ,

Шахтинск қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау

басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Back to top button