Халық белсенділігі жоғары
Бүгін еліміз бойынша республикалық референдум өтіп жатқаны баршаға мәлім. Осыған орай Қарағанды қаласындағы №138 референдум учаскесінде де дауыс беру науқаны ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Учаскеде тұрғындарға барлық қажетті жағдай жасалған. Комиссия мүшелері таңғы 7:00 ден бастап келушілерді тіркеп, дауыс беру тәртібін түсіндіріп жатыр. Ақпараттық материалдар ілініп, азаматтарға референдум бюллетенін толтыру тәртібі көрсетілген.

№138 учаскелік комиссия хатшысы Наталья Некрасованың айтуынша, дауыс беру заң талаптарына сәйкес өткізіліп жатыр.
– Біздің учаскеде дауыс беру ойдағыдай өтіп жатыр. Әлі ерте болса да, біраз тұрғындар келіп үлгерді. Әр тұрғын келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Комиссия мүшелері барлық рәсімнің ашық әрі заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етеміз, – деді учаске хатшысы Наталья Некрасова.
Референдум учаскелері кешкі сағат 20.00-ге дейін үздіксіз жұмыс істейді. Әр тұрғын өздерінің азаматтық позициясын білдіріп, маңызды саяси науқанға қатыса алады.
Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz



