Жаңалықтар
Халықаралық турнирде топ жарды
Наурыздың 3-і мен 9-ы аралығында Будва қаласында бокстан «Адриатика інжу-маржаны» атты беделді халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде қарағандылық жас былғары қолғап шеберлері екі медаль еншілеп, олжалы оралды.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жыл сайын өтетін дәстүрлі турнир 17-18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін жастар арасындағы әлем чемпионаты мәртебесіне ие.
Осындай бәсі биік бәсекеде облыс намысын қорғаған Нығман Нығмет 57 келі салмақта алтыннан алқа тағынып, үздік техникасы үшін арнайы кубокпен марапатталса, 63 келі салмақта өнер көрсеткен Алина Құдайгенова екінші орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.