ЖаңалықтарСпорт

Халықаралық турнирде топ жарды

Алматы қаласында Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың жүлдесі үшін бокстан қыздар арасында VII Халықаралық турнир өтті. Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның 19 өңірінен 270-тен астам спортшы қатысқан аталмыш турнирде аймағымыздың намысын он спортшы қорғап, оның бесеуі жүлдемен оралды.

Сурет: спорт басқармасы

Апалы-сіңлілі Аяулым мен Камила Оспановалар 63 және 70 келі дәрежесінде алтын медальға ие болса, Алина Құдайгенова (60 келі) мен Айдана Убайдоллақызы (80 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді. Жүлделі үшінші орын 48 келі салмақта өнер көрсеткен Айжан Мұратқа бұйырды.

Турнир жақсы өтті. Қыздарымыз бәсекелестіктің жоғары екеніне қарамастан лайықты нәтиже көрсетті, – деп атап өтті Қарағанды облыстық бокс федерациясының персонал және жалпы мәселелер жөніндегі бас менеджері Айгүл Байманова.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button