Білім

Халықаралық сайыстан жүлделі оралды

Массачусетс штатында мектеп оқушылары арасында робототехника пәнінен US Open FIRST LEGO League халықаралық чемпионаты өтті. Оған Қарағанды және Шымкентік оқушылар қатысып, жүлдемен оралды.

Әлемнің 20 елінен 700-ден астам оқушы қатысқан шара үш күнге созылды. Байқауда Қарағандыдағы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатыны мен Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бақ сынады.

Қарағандылық команда Champions Award аталымында қола жүлдегер атанса, Innovation Project бағытында сынға түскен шымкенттіктер де үздік үштікке енді.

– Жарты жылдан астам уақыт дайындалдық. Қарсыластар да осал емес. Алайда, бойдағы қорқынышты жеңіп, қабілетімізді көрсеттік. Жобамызды сәтті қорғап, көпшілікке толық таныстыра алдық, – деді Акбар Ермеков есімді қатысушы.

Сонымен қатар, жарысқа қатысушылар MIT, Boston University және Harvard сынды жоғары оқу орындарының инженерлік факультеттерін аралап, профессорлар құрамымен кездесті.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button