Спорт

Халықаралық марафонда бақ сынады

Қарқаралылық шаңғы­шы Думан Бейсенаев әлем­дік деңгейдегі Engadin Ski Marathon шаңғы марафоны­на қатысқан жалғыз қазақ­с­тандық болып отыр. Ол негізгі жүгіруде 14 мың қатысушыдан 700-ші болып, 2 сағат 2 минутта мәре сызығын ке­сіп, былтырғы нәтижесін жақсартты.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Engadin Ski Marathon – коньки стиліндегі көп сұранысқа ие шаңғы марафонының бірі. 14 және одан жоғары жастағы 18 мыңға жуық адам қатысатын марафон әлемдік беделді жарыстардың үштігіне кіреді. Атауы Швейцариядағы Энгадин (Engadin) алқабының құрметіне қойылған.

Негізгі бағытының ұзындығы – 42 шақырым. Марафон Энгадин алқабының жоғарғы нүктесі – Малоя қаласында басталады. Ал, мәре – Шчанф қалашығы маңында. Думан Бейсенаев бұл қашықтықты 2 сағат 2 минутта жүріп өтіп, Италиядағы жүгірумен салыстырғанда уақытын 8 минутқа жақсартты.

– Тік жардағы жолдардан түсу кезінде қашықтықтың 12-ші шақырымында үйіндіге кез болып, аяғымды зақымдадым. Қатты жарақаттанбасам да, бәсеңсіп қалдым, – дейді марафоншы.

Есесіне, Engadin Night Race түнгі жарысында 17 шақырым қашықтықта 2 мың қатысушының ішінен 21-ші болып, өзінің үздік нәтижесін көрсетті.

Думан бұл сынақтың өте ерекше және экстремалды болғанын, жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын да атап өтті.

– Шаңғыны талапқа сай етіп дайындау керек. Көптеген елдерде құрамында фторы бар жағармайларға тыйым салынған, олар жылдамдыққа өте жақсы көмектеседі. Алайда, экологияға теріс әсер етеді. Сондықтан, жарыс алдында барлық шаңғышы сынақтан өтеді, – дейді Думан.

Думан Бейсенаевтың есебінде барлығы 12 халықаралық марафон бар.

Жәлел ШАЛҚАР,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button