Ресми

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

Елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыруға орай Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді.

23 қаңтарда елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Осыған орай, Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында мемлекеттік халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Қарағанды қаласы филиалдары хабарлағандай, автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лар дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Осы кесте бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды, өзгеріс туралы қосымша хабарланатын болады.

Қарағандыда мамандандырылған ХҚКО Мұқанов көшесі, 5 мекенжайында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру процесі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button