Жаңалықтар

Хакерлер мұғалімдерді нысанаға алды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтарды жаңа киберқауіп жөнінде ескертеді. Бұл дерек Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қатерлердің тәуекелдерін болжау орталығы арқылы анықталды.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Шетелдік ақпарат көздерінің мәліметінше, соңғы уақытта хакерлер АҚШ университеттеріндегі оқытушыларға бағытталған ауқымды кибершабуылдар ұйымдастырған.

Зерттеулерге сәйкес, АҚШ-тың 25 жоғары оқу орнында 6000-нан астам оқытушы зардап шеккен. Интернет-алаяқтар жалақы жүйесіне кіріп, төлем деректерін өзгерту арқылы қаражатты өздерінің банк шоттарына аударып отырған.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай әдістер өзге елдерге, соның ішінде Қазақстанға да таралуы мүмкін. Сондықтан ІІМ азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларын ұстануды ұсынады:

Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс хаттардың тіркемелерін ашпаңыз;

Қиын құпия сөздерді қолданыңыз және екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;

Есептік жазбаларыңыздың қауіпсіздігін тұрақты түрде тексеріңіз.

Киберқауіпсіздіктің басты кепілі – сіздің қырағылығыңыз бен кибергигиенаңыз!

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button