Жаңалықтар

Хабарландыру

Қарағанды қаласының Полиция басқармасы ішкі істер органдарына қатардағы және басшы құрамына жұмысқа шақырады.


Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

– жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру;

– қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақытылы жалақы;

– сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;

– ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

– арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).

Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170см, білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамының лауазымына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды).

Толық ақпаратты Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі 118 мекен жайы бойынша немесе 87212-30-36-42, 87212-30-36-44, 87212-30-37-05, 87018850025, 87756007074 телефондары арқылы алуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button