Ресми

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарағанды облыстық мәслихаты Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 9 адам, оның 3-і – мемлекеттік органның өкілдері, 6-ы – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) үлгі бойынша өтініш (үлгі облыстық мәслихаттың сайтында: www.karoblmaslihat.gov.kz);

2) коммерциялық ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

Кандидат соттылығы болмауы, психологиялық ауруы, нашақорлық және уытқұмарлық бойынша есепте тұрмауы тиіс.

Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсынысты 2020 жылдың 26 қазанына (қоса алғанда) дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 100000, Қарағанды қ., Әлиханов к., 13-үй, 3-қабат.

Электрондық мекен-жай: karoblmaslihat@mail.ru, m.dzhanabergenov@karaganda-region.gov.kz

Байланыс телефоны: 8 (7212) 506672, ішкі 6109.

Басқа материалдар

Back to top button