Ресми

Аймақта өңірлік резервіне іріктеу басталды

Қарағанды облысының кадрлық комиссиясы Қарағанды облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Сурет: onir.rezerv.kz сайтынан

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

– Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
– Құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
– Жоғары білімі болуы;
– Үш жылдан кем емесеңбекөтіліболуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 39, (2-қабат).

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттарда онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында @elgeqyzmet.qaragandy,

@qaragandy.onir.rezerv.kz және келесі телефондар арқылы: +7 (7212) 50-40-23, +7 (7212) 50-33-83, +7 705 902 0525 алуға болады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button