ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 10/01 қаулысына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясымен Қарағанды қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар жарияланатынын хабарлаймыз.

Осыған байланысты Сіздерді 2021 жылдың 12 наурызында сағат 17:00-де өтетін көпшілік тыңдауларға қатысуға шақырамыз:

1) Жаңа Майқұдық МҮ, Магнитогорск к-сі, 19;

2) Теміржолшылар МС, М. Мәметова к-сі, 111;

3) Молодежный МҮ, 22 ш/а, 27/1;

4) Г. Головкин атындағы ДСК, Белинский көшесі, 14-құрылыс;

5) ҚТЖ «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды темір жол бөлімшесі, Серов көшесі, 89, Макаренко көшесі, 10;

6) Агротехникалық колледж, Арман к-сі, 3;

7) «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ, Столичная к-сі, 2а;

8) «Қарағанды теміржол колледжі» КММ, Локомотивная көшесі, 122а;

9) «Жакко Қарағанды» ЖШС кәсіпорны, Пришахтинск, 089 есептік орам, 84-құрылыс; 10) «Нәтиже» ЖШС, Пришахтинск, 089 есептік орам, 401-құрылыс.

Қарағанды қалалық мәслихатының заңдылық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы.