Облыстық мәслихаттың кезекті VII сессиясы 23 қыркүйек күнгі сағат 15.00-де өтеді
Қарағанды облыстық мәслихаты хатшысының
ӨКІМІ
Қарағанды қ. № 1-5/9-40 20 қыркүйек 2021 ж.
Облыстық мәслихаттың кезекті VII сессиясын
өткізу уақытын ауыстыру туралы
Облыстық мәслихаттың кезекті VII сессиясын өткізу уақыты 2021 жылғы 23 қыркүйек күнгі сағат 15.00-ге ауыстырылсын (Әлиханов көшесі, 13, конференц-зал)
Қарағанды облыстық мәслихатының
хатшысы С. Өтешов
ХАБАРЛАМА
Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 23 қыркүйектегі кезекті VII сессиясының қарауына мына мәселелер шығарылады:
1) Қарағанды облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы бойынша есебі туралы.
2) Қарағанды облысындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен даму перспективалары туралы.
3) Басқа да мәселелер.
Қарағанды облыстық мәслихатының
хатшысы С. Өтешов