Жаңалықтар

Гуаш массажы көмекке келеді

Бет массажы кезінде қан тамырларына зақым келтірмейтін, қан айналымын жақсартып, ісінуін кетіретін баяу, нәзік қозғалыстар қолданылады. Мұндай күтімнен кейін теріміз біраз жұмсара түседі. Сондай-ақ, бет бұлшықеттері босаңсып, ұсақ әжімдер, қара дақтар мен көздің астындағы ісіктер азаяды. Сондықтан болар, гуаш әдісі соңғы кездері трендте. «Гуа» – қыру, ал «Ша» – жаман, зиянды дегенді білдіреді. Бұл техниканың ерекшелігі жалпақ, тегіс тастарды қолдана отырып жасауында. Оны үй жағдайында жасап үйрену қиын емес.

 

ЖАСАУ ТЕХНИКАСЫ

Гуаш массажын жасау барысында қозғалыстар төменнен жоғары қарай баяу жүруі керек (ерін асты иек аймағынан басқа). Массажды мойыннан бастап, әдетте беттің бір жақ бөлігіне жасайды, яғни, алдымен сол жағына содан кейін оң жағына жасаймыз. Әр қозғалыстың соңғы нүктесін ақырын басып аяқтаңыз. Мысалы, иек пен бет аймағында май қабаты болса, қатты басуға, ал, керісінше, арықтау болса,
жеңіл қозғалыс жеткілікті болады.

МАССАЖ ЖИІЛІГІ

Массажды күн сайын жасаудың қажеті жоқ. Он
күндік курс жеткілікті. Курстан кейін 3-4 ай үзіліс жасауға болады. Тіпті, массаж сеанстарының арасында 2-3 күндік үзілістер де жасалып тұрады. Алайда, массажға қатысты қатаң шектеулер жоқ. Массаж уақыты 3-15 минутқа созылуы мүмкін және қимылдар негізгі аймақтарының барлығына жасалады. Әр аймақты гуаш тасымен 4-7 минут жүріп өту жеткілікті.

КІМГЕ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ?

Массаждың белгілі қарсы көрсеткіштері бар екенін білген жөн. Түрлі тері аурулары, дене температурасы, жүктілік, бүйрек функциясының бұзылуы, қатерлі ісік, гемофилия кездерінде массаж жасауға болмайды. Сондай-ақ, косметологиялық инъекциялардан кейін бірден жасауға тыйым салынған.

СКРЕБОК НЕМЕСЕ МАССАЖ РОЛИГІ

Скребокта арнайы шығыңқы жерлер мен ойықтар бар. Ол бет пішінін жақсартып, ұсақ әжімдерді тегістейді. Ал, мойын мен декольте аймағында жұмыс істеуге ролик ыңғайлы. Ол қан айналымының дұрыс жұмыс жасауын, жасушалардың қалпына келуін тездетеді және терідегі токсиндерді жояды. Негізінен екі құралды да бірдей қолдануға болады.

ҚАНДАЙ ТАС ЖАҚСЫ?

Гуаш массажына арналған ең жақсы тастардың қатарына нефрит, ақық тас, раушан кварцы жатады. Ежелгі дәуірден бастап тасты кристалдардың емдік қасиеттеріне қарай таңдалған. 

ЕСКЕРІҢІЗ

Массажды бастамас бұрын терең дем алып, бет
терісін және басқа да аймақтарды саусақпен ақырын уқалау керек. Қырғыш пен ролик теріңізде оңай сырғуы үшін майды алақаныңызда жылытып, бетіңізге жағыңыз. Үнемі жасап отырса, процедура нәтижелі болады.

Қыз-келіншектерге арналған газеттің арнайы беті «Сырғалымнан» алынды.

Басқа материалдар

Back to top button