Жаңалықтар

Грантпен мүмкіндік молайды

Қарағанды облысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бойынша 212 грант бөлінді. Мемлекеттің қолдауына халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтары ие болғанын ерекше атау керек.

Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша 92 көпбалалы отбасы, 65 мүмкіндігі шектеулі жан, ерекше бала тәрбиелеп отырған 28 адам, 12 АӘК алушы грант иеленген. Сонымен қатар, бір қоныс аударушы және асыраушысынан айырылған 14 отбасы осы қатарда.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында 4 565 адам кәсіпкерлік не­гіздері бойынша оқытудан өт­ті. Мәселен, Саран қаласының тұрғындары Дмитрий Ким мен Наталья Панусенко грантпен өз­-өзіне қызмет көрсететін автокөлік жуатын орын ашып, құс өсіруде.

Грант алғандар бүгінде ба­ғыт­тары бойынша іске кіріс­кен. Ерекше балаларға арналған қазақ тілінде оқытатын кабинет, жұмыс қолғаптарын, этникалық үлгідегі киімдер мен жиһаздарды, қасбеттік термопанельдер жасау цехын, автосервис, кондитерлік, баспахана ашты. Қымыздан балмұздақ, блок бетон және  полистиролбетон  бұйымдарын шығаратын цехтар­ды, бө­дене фермасы, ветеринарлық дә­рі­хана жұмыс істеп тұр.

Жұмыссыздарды жұмысқа ор­наластыру – Ұлттық жобаның негізгі бағыты. Осы жылы «Жастар практикасы» санаты бойынша 816 адам жұмыс орындарына ие болды.

«Күміс жас» жобасы да тұр­ғындар арасында сұраныста. Жо­баға 1 197 адам қатысты. Ол зейнеткерлік жасқа дейінгі адам­дар үшін жұмысқа орналасуға мүмкін­дік береді.

Жобаның арқасында қарағандылық Толқын Қоспабаева мен Алтынай Сейілова жеке компания­ларда ресепшионист-маман және клиенттермен жұмыс жө­ніндегі менеджер ретінде жұмыс тапты.

Өңірде мүгедектігі бар адам­дарды жұмысқа орналастыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Биыл аталған Ұлттық жоба бойынша 12 арнайы жұмыс орны құрылды. Олар жұмыс берушілерді суб­сидия­лау арқылы ұйымдас­ты­рылады. Субсидия арнайы жұ­мыс орындарына жабдық сатып алу, монтаждау және орнату шы­ғындарын өтеу, мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеу үшін беріледі.

Өз тілшімізден
Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Басқа материалдар

Back to top button