Бас тақырыпЖаңалықтар

Грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімін жариялады. Қазақстанда 113 мыңға жуық талапкер білім гранттарын алу үшін конкурсқа қатысуға өтінім берген.

Сурет istockphoto.com

Бұған дейін жаңа оқу жылына бөлінген гранттар мен квоталар туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева атап өткен болатын. Оның атап өтуінше,  2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі, яғни 60%-ы техникалық бағыттағы мамандықтарға, 20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелді.

Сондай-ақ жетім балалар немесе мүгедектігі бар балаларға, көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға арнайы квоталар қарастырылған. Категориялардың аталған квота түрі бойынша талапкер конкурсқа қатысатын болса, өзінің квота шеңберінде және жалпы конкурс бойынша грант конкурсына қатысуға мүмкіндік алды.

 

Аяулым СОВЕТ

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button