Жаңалықтар

Гончарная мен К.Дүйсенбеков көшесі жөндеу жұмыстарына жабылады

Қарағанды қаласының әкімдігі Бұқар жырау даңғылы бойындағы Гончарная мен К.Дүйсенбеков көшесі аралығындағы жолдың жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатынын хабарлады.

 

– Ертеңнен бастап Гончарная көшесінен Дюсембеков көшесіне дейінгі аралық орташа жөндеу жұмыстарына жабылады. Қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық көлік Керамическая және Ключевая көшелері бойымен қатынайды. Сонымен қатар, кептелісті азайту үшін осы бағытпен жүретін №31 маршруттың аялдамалары уақытша өзгертілді, – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Қазіргі таңда Керамическая – Ключевая, Четская – Ключевая көшелерінің қиылысына тиісті жол белгілері қойылған.

Сонымен қатар, №31 бағытта қатынайтын маршруттың уақытша бағыты өзгертілді. Бұдан былай Майқұдықтан келе жатқан маршрут Республика даңғылы арқылы Гоголь көшесіне түседі. Гоголь көшесінен Н.Әбдіров даңғылына, Бұқар жырау даңғылы арқылы Вокзал аялдамасына тоқтайды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button