Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін, деп хабарлайды Ortalyq.kz Bassport.kz сайтына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин бразилиялық Эскива Фалькаомен жекпе-жекке шықпақ. Бұл туралы бразилиялық журналист Уилсон Балдини хабарлады. «GGG Фалькао Эскивті қабылдайды. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионының командасы DAZN Boxing және DAZN Brasil компанияларымен келіссөздер жүргізуде. Жекпе-жек наурыз айында өтеді деп жоспарланған», — деп жазды бразилиялық тілші өз твиттерінде.

Эскива Фалькао WBA және IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер болып саналады. Sports.kz порталының хабарлауынша, бұл Головкиннің мансабындағы соңғы жекпе-жек болуы мүмкін. Головкин-Фалкао жекпе-жегінің жеңімпазы орта салмақтағы WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен кездеседі деп күтілуде.